«Былтыр жылдың соңында Жітіқара аудандық полиция бөліміне интернет алаяқтың құрбаны болған әйел шағымданды. Жітіқара қаласының 41 жастағы тұрғыны белгісіз біреу оның және жұбайының атына бірнеше несие рәсімдегенін баяндап берді», - деп хабарлады полициядан.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 36 жастағы ер адам анықталған. Тергеуде белгілі болғаны, ер адам туыстарының үйіне қонаққа келіп, олар туралы мәлімет жинаған. Одан кейін Алматы қаласындағы микронесие ұйымдарының бірінен 6 онлайн несие рәсімдеген.
Полиция күдіктіні ұстады. Қылмыстық іс «Алаяқтық» бабы бойынша тергелді. Сот шешімімен алаяқ 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.