ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бір айдан астам уақыт бойы хабарсыз кеткен қызылордалық азамат Башқұртстаннан аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жергілікті тұрғын Қызылорда қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне інісінен 10 ақпаннан бері хабарсыз қалғанын айтып арыз түсірді. Інісі автокөлік алу мақсатында Башқұрстан астанасы -Уфа қаласына аттанып кеткен. Содан бері ешбір хабар бермеген.
Жергілікті полиция қызметкерлері дереу іске кірісіп, туысқаны ұсынған суретке сәйкес іздеу жүргізді.
«Жедел іздестіру іс-шараларын тез арада жүргізу қажеттілігі туындады. Башқұрстан ішкі істер министрлігінің ресми сайтына өтінім жіберілді. Бұл іздестіру шараларын жеделдетуге мүмкіндік туғызды. Нәтижесінде бір айдан астам уақыт бойы хабарсыз кеткен қызылордалық үйіне аман-есен оралды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.