«Шытырман оқиғаларды жаны сүйетіндер көбінесе туыстарына хабар беруді ұмытады немесе олардың хабарын жауапсыз қалдырады», - дейді СҚО ІІД қылмыстық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Петр Климов.
Петропавлдық жедел қызметкерлер биылдың өзінде қаланың екі әйел тұрғынын іздеді. Олардың бірі Түркиядан табылды. Бойжеткен ата-анасына ескертпестен, демалу үшін кетіп қалған. Ал уайымға салынған ата-ана қызымызды жоғалттық деп полицияға жүгінген. Іздеу жарияланған екінші әйел туыстарына хабар бермей, құрбыларымен көңіл көтеруге кеткен.
Қазір СҚО полицейлері өткен жылдарда із-түзсіз жоғалған 49 адамды іздеп жатыр. Биылдың өзінде оннан астам туыстары жоғалғанын айтып хабарласқан. Соның екеуін іздеу жұмыстары жалғасуда.