Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы 12 желтоқсан күнгі отырысында Жогорку Кенештің 29 көпмандаттық округі бойынша жаңа сайланған депутаттарды тіркеді.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Жогорку Кенешке барлығы 87 депутат тіркелді. Олар:
Депутаттар тізімі төмендегідей:
№ 1 округ: Чынгыз Ажибаев, Исманали Жороев, Камила Талиева.
№ 2 округ: Ырысбек Атажанов, Бактыяр Калпаев, Бурун Аманова.
№ 3 округ: Равшанбек Рысбаев, Жаныбек Аматов, Махабат Мавлянова.
№ 4 округ: Советбек Рустамбек уулу, Уланбек Жаанбаев, Нилуфар Алимжанова.
№ 5 округ: Эльдар Сулайманов, Азамат Исираилов, Айгуль Ахмедова.
№ 6 округ: Алтынбек Кудайбердиев, Бекмурза Эргешов, Салтанат Аманова.
№ 7 округ: Алишер Козуев, Илимбек Кубанычбеков, Гулай Машрапова.
№ 8 округ: Жанарбек Акаев, Уланбек Примов, Нуржамал Торобекова.
№ 9 округ: Азамжан Джалилов, Данияр Толонов, Жылдыз Эгенбердиева.
№ 10 округ: Курманкул Зулушев, Суйунбек Омурзаков, Гулнара Баатырова.
№ 11 округ: Шаирбек Ташиев, Алтынбек Кылычбаев, Венера Салямова.
№ 12 округ: Чолпонбай уулу Бекмырза, Талайбек Масабиров, Жылдыз Курманалиева.
№ 13 округ: Сайлау нәтижесі жойылды.
№ 14 округ: Болотбек Борбиев, Кундузбек Сулайманов, Гулшаркан Култаева.
№ 15 округ: Тургунбек уулу Нурланбек, Азизбек Турсунбаев, Айсаракан Абдибаева.
№ 16 округ: Дастанбек Джумабеков, Медер Чотонов, Медина Кайрылбекова.
№ 17 округ: Нурланбек Азыгалиев, Улукбек Узакбаев, Чолпон Эсенаманова.
№ 18 округ: Карим Ханджеза, Бакыт Чомоев, Гулжан Сатиева.
№ 19 округ: Медербек Алиев, Абдылдабек Эгембердиев, Эдита Тайгараева.
№ 20 округ: Темирлан Айтиев, Сеидбек Атамбаев, Токтобубу Ашымбаева.
№ 21 округ: Куванычбек Конгантиев, Жаныбек Абиров, Жылдыз Садырбаева.
№ 22 округ: Дастан Бекешев, Болот Ибрагимов, Гуля Кожокулова.
№ 23 округ: Эльвира Сурабалдиева, Марлен Маматалиев, Умбеталы Кадыралиев.
№ 24 округ: Жумабек Салымбеков, Карыбек уулу Улукбек, Гульнара Акимбаева.
№ 25 округ: Бахридин Шабазов, Бакыт Тентишев, Эркеайым Сейтказиева.
№ 26 округ: Медербек Саккарае, Эркинбек Исеналиев, Джамиля Исаева.
№ 27 округ: Акылбек Тумонбаев, Табылды Муратбеков, Гулкан Молдобекова.
№ 28 округ: Эрулан Кокулов, Болот Сагынаев, Рахат Жунушбаева.
№ 29 округ: Нурбек Сыдыгалиев, Адилет Белеков, Гулсункан Жунушалиева.
№ 30 округ: Кубанычбек Самаков, Улан Бакасов, Таалайбек кызы Жылдыз.
Ведомство дерегіне сәйкес, ақпарат үміткерлер мен «Ынтымақ» партиясының көпмандаттық округтер бойынша ұсынған соңғы қаржылық есептері негізінде дайындалған.
— Нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 87 кандидаттың (оның ішінде «Ынтымақ» партиясының 3 үміткері) сайлау қорларының арнайы шоттарына түскен жалпы қаражаты 739 млн 188 мың 78 сомды құрады. Сол қаржының бәрі толықтай жұмсалған, арнайы шоттарда қалдық 0 сом болып қалды. Бұл кандидаттар мен партияның соңғы қаржылық есептері Қырғыз Республикасының сайлау заңнамасының барлық талаптарына сай дайындалған, — делінген хабарламада.
Қазіргі таңда сайлауға қатысқан қалған 373 кандидаттың қаржылық есептері тексеріліп жатыр.
Айта кетейік, Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттардың кезектен тыс сайлауы өткенін жазған едік.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші сайлауының табысты өтуімен құттықтады.
Қырғызстандағы парламент сайлауына қанша адам қатысқанын мына материалдан оқи аласыз.
Сондай-ақ Қырғызстанда бір сайлау округіндегі парламент депутаттарының сайлауы жарамсыз деп танылғанын жазған болатынбыз.
Бұдан бұрын Қырғызстан Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясы 12 сайлау округіндегі сайлауды өтті деп таныды.