Бұғы түнгі уақытта, жарық аз түсетін жол бөлігінде көлік астына түсіп қалған. Апатқа кінәлі жүргізуші табылған жоқ. Бейнетіркеуші кадрларында жолдың арғы бетінде жатқан бұғы есін жиып, көлікке қарай жақындайды.
Қарсы беттегі көлікте жануарға көмектесу үшін тоқтаған әйел бар еді. Алайда, жаралы бұғы автокөлік кабинасына кіруге тырысқан. Жүргізу әйелдің айтуынша, бұғыны көліктен күштеп шығаруға тура келді, әйтпесе өзі жараланып қалар еді.
Машинадан сырғып түскен бұғы өлді. Ал оған көмектескісі келген жүргізуші аяғын жарақаттады.