"Жол-патрульдік полицияның имиджін көтеру үшін сержанттар құрамын офицерлік дәрежеге дейін көтеру жұмыстары атқарылуда. Штаттық кестеге сәйкес, қазіргі кезде республика бойынша 9 362 сержант бар. Олардың ішінде 8 626 адам офицерлер құрамына өтеді", - деп атап өтті ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мұсақанов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Оның айтуынша, офицерлер құрамына аға инспектор мен инспекторлар ауыстырылады. Ал олардың лауазымдық қызметақысы 60 мыңнан 100 мың теңгеге дейін көтеріледі. "Бірқатар облыста осы мақсаттарға тиісті қаражат бөлінді", - деп атап көрсетті комитет басшысының орынбасары.