Жол полициясы қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынғанын ескертті

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті автожүргізушілерге қысқы шиналарсыз жүруге тыйым салынғанын ескертеді.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қыс айларында (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналарсыз, ескерту белгілерінсіз және «М+S», «M&S», «M S» маркерлі белгілерінсіз автокөлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады», - делінген ведомствоның Фейсбуктегі парақшасында.

Қысқы шиналар, сондай-ақ арнайы бұдырлар барлық типтегі көлік құралдарының доңғалағына салынады. Қысқы шиналарға қойылатын талап Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі» туралы техникалық регламентте көрсетілген әрі Кеден одағына мүше елдердің барлығында біркелкі қолданылады.