— Осыған байланысты 5 және 6 шілде күндері бұл учаске ішінара жабылатын болады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз, — делінген басқарманың хабарламасында.
Еске сала кетейік, Астанада Сығанақ көшесінің Ақмешіт көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскесінде асфальтбетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмысы жүргізілетіндіктен, ішінара жабылады.
Open Air концертіне байланысты «Астана Арена» маңында көлік қозғалысы шектеледі.