Жолаушы кешігіп қалып әуе кемесін ұшу жолағына шейін қуалады (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өз рейсінен кешігіп қалған ирландиялық Ryanair компаниясының жолаушысы ұшаққа ұшу жолағында қуып жетуге тырысты.

Мадрид халықаралық әуежайында орын алған оқиға видеоға түсірілген. Оны әуежай қызметкерлері тоқтатты, деп хабарлады «Эхо Москвы» британдық таблоид Sun-ға сілтеме жасай отырып.