Жолаушылар от лаулаған Ту-204 ұшағын видеоға түсіріп алған

АСТАНА. ҚазАқпарат -Уфадан Сочиге бағыт алған Ту-204 ұшағының жолаушылары әуе кемесінің сол жақ қозғалтқышының өртенуі салдарынан шұғыл қайта қонған сәтін видеоға түсіріп алған. Жазба әлеуметтік желілерге тарап кетті, деп хабарлайды ТАСС.

Уфа қаласының Халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлім еткендей, ұшақтың бортында 202 адам болған. Оқыс оқиғаның салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жолаушылар үрлемелі басқыштардың көмегімен эвакуцияланған.

Бұған дейін Тергеу комитеті аталмыш дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатқаны хабарланған еді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс жасап жатыр.