Атап айтқанда, қосымша «Гранд санатты» 1 вагон, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 1 «Гранд санатты» вагоны, «Бизнес санатты» 2 вагон, 1 вагон-конвертер және 3 «Турист» вагоны тіркелді. Осы арқылы жаңартылған құрам 19 вагоннан 27 вагонға дейін көбейтілді.
Жаңа вагондар «Жолаушылар тасымалы» АҚ жылжымалы құрамының техникалық ресурстарын жаңарту және арттыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында сатып алынды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта №87/88 «Ақтөбе» пойызы жұп күндері күнара қатынайды. Жазғы маусымда құрамды күнделікті қатынауға ауыстыру жоспарлануда.
Атап өтер жәйт, үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен «Жолаушылар тасымалы» АҚ №1/2 «Алматы-Астана» - «Тұлпар», 151/152 «Алматы-Петропавл» - «Жетісу» жолаушылар пойыздарының «Гранд» және «Бизнес» санатты вагондарында, сондай-ақ №87/88 «Ақтөбе-Астана» - «Ақтөбе» пойызының «Турист» вагонында жол жүруге 20% жеңілдіктер енгізілді.