Жолбарыс зообақ қызметкерін қабыланнан құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мехикодағы «Теңбілшер, ақ жолбарыстар» зообағында оқыс оқиға орын алды. Зообақ қызметкері Эдуардо Серио Дарма атты қабыланның жемтігіне айналуға сәл-ақ қалды.

Оны жолбарыс Азтлан ажалдан құтқарды.

Эдуард жыртқыштар тіршілік кешетін қоршауға жиі кіріп, ондағы аңдарды бағып-қағатын, еркелететін. Бірақ жақында оның аңдармен кезекті қатынасының соңы қайғымен аяқтала жаздады.  

Эдуардо Серио 6 ақ арыстанмен болған сәтте Дарма оған шабуыл жасамаққа әрекеттенген. Арыстандармен айналысып жатқан Серио ту сыртынан ақырындап келе жатқан қабыланды байқамай да қалды.

Азтлан қабылан адамға атылған сәтте оны аяғынан қағып құлатты.