Жолда адам қағып оқиға орнынан қашып кеткен Лексус жүргізушісі Алматы облысында ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жол-патрульдік полиция қызметкерлері Құлжа күре жолында жаяу жүргіншіні қағып, одан кейін оқиға орнынан қашып кеткен Лексус көлігінің жүргізушісін ұстады. Жаяу жүргінші сол жерде қайтыс болған.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлауынша, 8 сәуір күні таңертең «Алматы-Көкпек-Көктал» күре жолының 24-ші шақырымында, Панфилов кентінің жанында полицейлер көлік қағып кету салдарынан қаза тапқан Алматының 24 жастағы тұрғынының денесін тапты.
«Жол апаты болған жерден 20-30 метр жерде жол жиегінде Қырғызстан көлігінің мемлекеттік нөмірі табылды. Тіркелген тәртіп бұзушылықтардың базасы арқылы тексергенде, біз қырғыз нөмірі бірнеше ай бұрын Құлжа күре жолында байқалған «Лексус ЕS-300» көлігіне тиесілі екенін анықтадық», - деп хабарлады облыстық полициядан.
Оқиға орнынан кетіп қалған 1983 жылғы жүргізушіні полицейлер бірнеше сағаттың ішінде ұстады. Оның шиналарынң желі ығып қалған көлігі оқиға орнынан 15-20 км жерден табылды.
Жаяу жүргіншіні көлікпен қағып өлтіру фактісі бойынша сот алдындағы тергеу амалдары басталды.