- Жол-көлік оқиғаларының ауырлық дәрежесін төмендетудің ең тиімді шарасы – қарама-қарсы бағыттағы көлік легін бөлу, бұл жоғарыда көрсетілген жобаларды іске асыру шеңберінде жолдарды I техникалық санатқа ауыстыру арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар республикалық жолдардың авариялық қауіпті учаскелерінде инженерлік шаралар іске асырылып жатыр, - деді О. Бектенов Құрылтай депутатының сауалына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025-2028 жылдары авариялық-қауіпті учаскелерді жоюға басымдық бере отырып, облысаралық және аудандаралық жолдардың 10 мың км орташа жөндеумен қамтылады.
- Қаржыландыру толық көлемде Қазақстанның Даму Банкінің қаражаты есебінен айқындалған. Ақылы учаскелер бойынша жүріп өткені үшін ақы алудан түсетін қаражат республикалық жолдарды күтіп-ұстауға және жол техникасы паркін жаңартуға жұмсалады. Бұл ретте жабында ақаулар анықталған жағдайда, ақы алуды уақытша тоқтата тұру нормасы енгізілді. Бұдан басқа, авариялық-қауіпті учаскелерде жылдамдық режимін бұзу деректерін автоматты түрде тіркейтін кешендерді қолдану кеңейтілуде және профилактикалық жұмыс күшейтіліп эатыр. Әрбір мемлекеттік органның міндеттерін айқындайтын Жол қауіпсіздігі стратегиясы әзірленуде, - деп түсіндірді Үкімет басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін өңірлерде туристік әлеуетті дамыту аясында стратегиялық жолдардың бірыңғай тізбесі жасалатынын жазған едік.