Жолдан өту кезінде телефон мен құлаққапты пайдаланбаңыз
АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрлігі жол жүрісіне қатысушыларға үндеу жасады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
ІІМ жолда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Жаяу жүргіншілер — жол қозғалысының ең маңызды әрі осал қатысушыларының бірі. Олардың қауіпсіздігі тек жол бойында ғана емес, жаяу жүргіншілер жолдары мен арнайы аймақтарда да ерекше назарда болуы тиіс.
— ІІМ жолда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Асықпай жүру, қолды қалтаға салмау және әр қадамға мұқият мән беру маңызды. Жолды тек жаяу жүргіншілер өткелі арқылы, көлік құралдарының толық тоқтағанына көз жеткізгеннен кейін ғана кесіп өтіңіз. Жолдан өту кезінде телефон мен құлаққапты пайдаланбаңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз, — деді ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Астана қалалық ТЖД күннің күрт бұзылуына байланысты тұрғындарға ескерту жасады.