Жөндеу жұмыстарына байланысты Қарқаралы тас жолының учаскесі жабылады
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Жұлдыз айналымынан бастап «Garden Village» коттедж кентінің бұрылысына дейінгі учаскеде Қарқаралы тас жолы бойынша жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті.
Фото: gov.kz
Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, жөндеу жұмыстарына байланысты 17-21 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта тараптардың бірі бойынша қамтамасыз етіледі.
Фото: Астана әкімдігі
Мекеме қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда Байқадамов пен Гагарин көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектелетінін жазған едік.
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.