«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н. Әбдіхалықованың жетекшілігімен өткен кеңестің 2014 жылғы 8 тамызда № 20-51/05-1016 хаттамасына сәйкес, Жоғары оқу орындарын модернизациялау мәселелері бойынша комиссияның жұмысы аяқталғанға дейін лицензия және лицензияға қосымша берудің уақытша тоқтатылғанын жоғары оқу орындары ректорларының назарына ұсынады», делінген хабарламада.
10:09, 15 Тамыз 2014
ЖОО модернизациялау мәселелері бойынша комиссияның жұмысы аяқталғанға дейін лицензия беру уақытша тоқтатылды - БҒМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің хабарлaуынша, Жоғары оқу орындарын модернизациялау мәселелері бойынша комиссияның жұмысы аяқталғанға дейін лицензия және лицензияға қосымша беру уақытша тоқтатылды. Бұл туралы аталған ведомство сайтында хабарланды.