Байқау талаптарына сәйкес жүргізілген іріктеу барысында елдің 63 жоғары оқу орындарының 200 оқытушысы таңдалып алынды. Жалпы 2013 жылы аталған байқауға 92 ЖОО-лардан 500-ден астам ұстаз қатысқан болатын. Іріктеу екі кезеңнен өтті - жоғары оқу орны ішінде және республикалық деңгейде. «Бүгін біз республикалық байқаудың жеңімпаздарын анықтау бойынша талқылауларды аяқтадық. Барлық үміткерлердің өтініштері тәуелсіз сарапшылармен екі мәрте пысықталды», - деп атап өтті министр. Жеңімпаздардың қатарында әртүрлі саладағы ғылым докторлары - 46 пайызды, ғылым кандидаттары 50 пайызды құрап отыр. ҚР БҒМ хабарлауынша, аталмыш гранттар оқытушыларға шетел университеттерінде тәжірибеден өтуге, жаңа жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.
10:25, 22 Қаңтар 2014
ЖОО-ның үздік оқытушысы атағына 200 үміткер іріктелді - ҚР БҒМ
АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің төрағалығымен «ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауы комиссиясының отырысы өтті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады.