Ерболат Досаевтың айтуынша, ЖРВИ-мен өз балалары да, ересектер, тіпті, жұмысқа келмей жүрген қол астындағы қызметкерлері де сырқаттанып жатыр. Бірақ оның бәрі үйлерге жылу берумен байланысты емес.
«Өткен аптада далада ауа температурасы 20, 22 градус болғанын жақсы білесіздер. Біз тиісінше жылуды 17 қазан күні бердік. Себебі ауа температурасы төмендей бастады. Қазір үйде жылуды сезініп отырсыздар. Байқасаңыздар, адамдар ЖРВИ-мен тек Алматыда ауырып жатқан жоқ, егер олай болғанда, өз кінәмді мойындар едім. Бірақ, бізде 2 миллионнан астам халық бар. ЖРВИ-мен сырқаттанушылық жағдайы 85 мыңды құрап отыр. Бұл күз мезгіліндегі қалыпты құбылыс. Техникалық регламентке сәйкес, көптеген жылдар ішінде біз жылуға уақытында қосылдық деп санаймын», - деді Ерболат Досаев.
Еске салайық, Алматыда бір жарым айда 30 мыңнан астам тұрғын ЖРВИ-ге шалдықты.