Ведомствоның дерегінше, өртті сөндіруге ТЖМ мен өзара іс-қимылдағы қызметтердің 189 адамы және 39 бірлік техникасы жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ. Өртті толық сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, шөптің биік болуы мен және қатты жел өрт сөндіруге едәуір қиындық тудырғаны хабарланған еді. Жағдай тиісті қызметтердің бақылауында болды.
Ал Марқакөлдегі өртті сөндіруге 83 адам және 2 тікұшақ жұмылдырылған болатын.
Экология министрлігінің мәліметінше, 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 12 орман өрті тіркелді. Өрттердің басым бөлігі жедел оқшауланып, сөндірілді.