Аталмыш басқарма басшысының орынбасары Олег Петуховтың айтуынша, әлгі қызметкер өзіне жүктелген міндетті атқарған. Яғни, ол көліктердің шамадан тыс жүк артқанын анықтау үшін қолындағы ала таяқпен қос машинаны тоқтатқан.
"Бұл үшін бізге ешкім тыйым салған жоқ. Ала таяқпен жүк көліктерін тоқтатпау туралы заң шықпады. Ал, 1 қаңтардан бастап күшіне енген заң ол ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне қатысты. Сондықтан, көліктік бақылау басқармасының қызметкерлері ауыр жүк көліктерін тоқтатуға құқылы",-дейді О.Петухов.
Еске салайық, әлеуметтік желілерде жергілікті тұрғын ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында екі жүк көлігін ала таяқпен тоқтатып оның жүргізушісімен сөйлесіп тұрған қызметкердің видеосы жарияланған еді. Кейінен оның көліктік бақылау басқармасының өкілі екені анықталды.
Алмас Сұлтан