«Алматы қаласы халықаралық әуежайындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Қытай халық республикасынан Қазақстан Республикасына жүк тасымалымен айналысатын әуе компанияларының бірінің бортсерігін аса ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін анықтап, ұстады», делінген хабарламада.
Тергеу барысында аталған бортсеріктің тасымалданатын жүкке еркін ену мүмкіндігін пайдаланып, әуе кемесінің жүк бөлігінен криптовалютаны өндіруге арналған жабдықты бірнеше рет ұрлағаны анықталды.
Жалпы келтірілген шығын сомасы 27 млн теңгеден асады.
Департаменттің хабарлауынша, қазір сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданған.