«Полиция қызметкерлері 13 мамыр күні сағат 21:50-де Орынбор-Хусейн Бен Талал көшелерінің қиылысында орын алған жол-көлік апаты фактісі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», - делінген Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.
«Газ 27057» көлігінің (жедел медициналық жәрдем көлігі) жүргізушісі «ZAZ Chance» көлігімен соқтығысып, соның салдарынан «жедел жәрдем» көлігі аударылып қалды».
ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жедел жәрдем қызметі көлігі алып бара жатқан пациент әйел (жүктілік - 39 апта) жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ ауруханаға жедел жәрдемнің фельдшерлері жеткізіліп, кейін үйлеріне қайтарылды.