«Бұл ақпараттың қайта көтеріліп жатқанын біз де байқап отырмыз. Әрбір жұмыстың жауапкершілігі бар. Сондықтан сол жауапкершілігіне байланысты қызмет ақысы төленуі тиіс деп есептейміз», - деп жауап қатты Мират Өтепов Kazinform тілшісінің сауалына орай.
Еске салсақ, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «Самұрық-Қазына» қоры құрылымындағы компаниялардың қаржылық операцияларын тексеруді сұраған болатын.
https://kaz.inform.kz/news/mazhls-deputati-samurik-kazina-kori-kurilimindagi-basshilardin-kisapsiz-siyakilari-turali-aytti-a8ca35/
Кейін бұған қатысты жауап берген «Самұрық-Қазына» АҚ кооперативті басқару, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов сыйақы саясаты қайта қаралмайтынын айтты.