Жұмыспен қамту: Елімізде көш басында қай сала тұр

Фото: Сауда және интеграция министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы IV тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасында 9 278,9 мың адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Оның ішінде:

  • 7,2 млн — жалдамалы қызметкерлер (77%)
  • 2,1 млн — өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (23%)

Жұмыспен қамтылғандардың үлесі ең жоғары салалар:

  • сауда — 17%
  • білім беру — 13,2%
  • өнеркәсіп — 12,5%
  • ауыл шаруашылығы — 10,3%
  • көлік және қойма — 7,2%
  • құрылыс — 6,8%
  • денсаулық сақтау — 6,6%

— 2024 жылғы сәйкес тоқсанмен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамту көлемі 110 мың адамға артты, өсімнің басым бөлігі жалдамалы қызметкерлер есебінен қамтамасыз етілген, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын жұмысшы мамандықтар жылы қанша азамат марапатқа ие болғанын жазғанбыз.