Бүгін Еуразия ұлттық университетінде өтіп жатқан Қазақстан Республикасы филологтарының I съезі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов осылай айтты.
Министр атап көрсеткендей, аталған стандарттарды даярлау барысында болашақ педагог мамандарға жоғары талаптар қою қарастырылған. «Әсіресе, журналист, редактор, PR-маман, баспа ісінің менеджері үшін филологиялық дайындықты тереңдету және филологиялық мәдениетті көтеру сияқты талаптарға негізгі басымдық беру керек», - дейді Б.Жұмағұлов.