Жүз жастағы британдық туған күнінде парашютпен секірді (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқапарат - 100 жасқа толған туған күнінде британдық Вердус Хаес парашютпен секіріп, әлемдік рекорд орнатуға тырысты. Ер адам ұшырылымды жергілікті хоспистерге ақша жинау үшін нұсқаушымен орындады.

Хаестің әрекеті Гиннестің рекордтар кітабына енгізіле ме, жоқ па, әзірге белгісіз.

Секіру жазбасы YouTube арнасында ODN жаңалықтар видеопорталында жарияланды, екі тәулікте оны мыңнан астам адам тамашалады.