Қаңтар айында Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасының саны 11% азайған.
Алайда 38 жол-көлік оқиғасы кезінде 5 адам көз жұмды.
Сонымен бірге 55 адам жарақат алды.
Жаяу жүргіншілердің қатысуымен 10 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 4 адам мерт болды.
Жол апаттарының негізгі себебі - жылдамдық режимін бұзу, қарсы жолаққа шығу, жаяу жүргіншілердің кез келген жерден жолды кесіп өтуі.
«Патрульдік полиция қызметі күн сайын жол-көлік оқиғасының алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізеді. Мектепте сабақтың басталуы мен аяқталуы кезінде бақылауды күшейтеді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.