«Жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың қатысуымен 6 бала қайтыс болған 17 оқыс оқиға тіркелді. Статистика көрсеткендей, кәмелетке толмағандармен болатын оқыс оқиғалардың көп бөлігі ересектер болмаған кезде немесе ата-аналардың өз балаларының қауіпсіздігіне бейғам қарауынан болады», - дедi ол.
Оның айтуынша, бүгінгі күні жылыту пешінің ақауы себебінен газдан уланудың 3 фактісі, бірінде екі бүлдіршін қайтыс болған өрт салдарынан 2 факті, қараусыз қалу нәтижесінде медициналық дәрі-дәрмектермен абайсызда уланудың 2 фактісі, кішкентай балалардың биіктіктен құлауының 2 фактісі тіркелді. Мысалы, сәуір айының соңында көп қабатты үйдің 5 қабатының терезесінен 4 жасар бүлдіршін абайсызда құлап, әр түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
«Жаңа туған нәрестелердің өлімінің екі фактісі баланы бесігінде қараусыз қалдырудан болса, екінші оқиғада анасының ұйқы кезінде өз салмағымен сәбиін жаншуы тіркелді», - дейдi Ғ.Жакин.