«Көбіне балалар ата-анасының еріп жүруінсіз, үйден тыс және ойын-сауық орындарында болғаны үшін ұсталады. Осындай әрекеті үшін жыл басынан бері 64 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ойын-сауық орындарының 1,5 мың иесі кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта мекемелерде болуына жол бергені үшін әкімшілік жазаға тартылды. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қараусыз қалған 2,5 мың бала жеткізілді. Бала тәрбилеу бойынша өз міндетін орындамағаны үшін 6 мыңнан астам ата-ана жауапкершілікке тартылды», - деп мәлім етті Лейла Әліпбаева ведомствоның баспасөз алаңында өткен брифингіде.
Сонымен бірге аға инспектор биыл жасөспірімдер жасаған қылмыстар саны 11 пайызға өскенін атап өтті.