Рейдтік іс-шаралар өткізіле бастағаннан бастап, айыппұлды уақытында төлемеген 35 автомашина айыппұл тұрағына қойылды.
«Жыл басынан бері ЖПБ қызметкерлері ЖҚЕ бұзған 68419 жүргізушіні ұстады. Олардың: 7883-і жол бойына қоқыс тастағаны үшін, 1736-сы ауаны ластағаны үшін, 1263-і жол жиегін бүлдіріп, ластағаны үшін, 1118-і автокөлігін лас түрде жүргізгені үшін жауапқа тартылды. Оларға жалпы көлемі 454 107 300 теңге айыппұл салынып, 145 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды»,- делінген ЖПБ баспасөз қызметінің мәліметінде.
Сондай-ақ, ведомство әкімшілік кодекстің 524 және 630 баптарына сәйкес құқық бұзушылықты анықтаған кезде жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырып, автокөлігін айыппұл тұрағына қояды. Автомобилін жүргізуші барлық айыппұлдарын түгел төлегеннен кейін ғана ала алатындығын атап көрсетеді. ЖҚЕ бұзғандар 30 күн ішінде өз еріктерімен айыппұл төлеулері керек. Егер айыппұлды уақытында төлемеген жағдайда жол полициясы органдары мәжбүрлі түрде төлету үшін материалдарды сот орындаушыларына жолдайды.