«Бізде өткен аптада Алматы облысында екі қайғылы оқиға орын алды. Екі бала өздерінің үйлері ауласындағы су құйылған ыдыстарда суға батты. Бұл нені білдіреді? Менің ойымша, бұл ретте ата-аналардың немқұрайлылығын байқауға болады. Жалпы, жыл сайын еліміз бойынша су қоймаларында 100-ге жуық бала қайғылы оқиғаға тап болады. Биылдың басынан бері республика бойынша 20-дан астам бала суға батты», - деді аталған комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, ТЖК бөлімшелері, жедел-құтқару отрядтары білім беру басқармаларымен бірлесе жыл басынан бері мыңнан астам баланы суда жүзеге үйретті.