Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды.
Сондай шаралардың нәтижесінде жыл басынан бері 81 есірткі қылмысы анықталды, оның 40 фактісі өткізуге және 4-еуі есірткі заттарын заңсыз тасымалдауға қатысты.
Заңсыз айналымнан 869 келі әртүрлі есірткі заттары тәркіленді.
Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы полиция полковнигі Ерлан Ақпаровтың айтуынша, ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабына қатысты 142, ҚР ҚК-нің 296-бабы, 1- бөлімі бойынша ( Қоғамдық орындарда есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес тұтыну) - 11, 296-бабы, 2- бөлімі бойынша (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) - 107, 296-бабы, 3-бөлімі бойынша (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) -22 әкімшілік хаттама толтырылды.
«Көкнәр-2015» операциясын өткізу кезінде 20 есірткі құқықбұзушылығы мен 3 есірткі қылмысы анықталып, заңсыз айналымнан 714 келіден аса есірткі заттары тәркіленді.
Сондай-ақ, Е. Ақпаров жақында есірткі өткізушілер мен ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін анықтап, есірткі саудасы арнасының жолын кесуге бағытталған «Допинг», «Рубеж», «Канал» және тағы басқа операциялардың өткізілетінін айтты.
Бүгінгі таңда Көліктегі ішкі істер департаментінің қызмет көрсету аумағында 28 топ құрылған. Аталған топтардың басты мақсаты мен міндеті темір жол вокзалы аумағында, сақтау қоймаларында, жүк бөлімдері мен «Казпочта» бөлімдерінде, халықаралық және жергілікті маңызы бар жолаушылар поездарында жұмыс жасап, қызметтік іздестіру иттерінің көмегімен есірткі заттарын анықтау болып табылады.
Департаменттің негізгі күші есірткі затын заңсыз тасымалдау мен есірткі саудасы арналардың жолын кесуге, сондай-ақ, есірткіге қарсы үгіт насихат жұмыстарына бағытталған.