«Еліміздегі ахуалдың жақсаруына 25 мыңнан астам жергілікті полиция қызметкерлерінің күн сайынғы жұмысы өте зор әсер етеді деп ойлаймын. Әрине, бұл - қазақстандық тәжірибеде жаңа енгізілген мәселе. Бұл ретте билікті де, полиция жұмысын да сынап жатқандармен ешкім таласқысы келіп отырған жоқ. Өйткені, бұның бәрі халықтың көз алдында. Егер статистикаға қарасақ, онда барлық ашылатын қылмыстардың ішінде жергілікті полиция жұмысының үлесіне тиетіндері басым. Бұл ретте ағымдағы жылдың төрт айы ішінде жергілікті полиция қызметкерлерінің 1 млн. нан астам әкімшілік құқық бұзушылықтарды тіркегенін, бұның жалпы осы бағыттағы қылмыстардың 70 пайызынан асып отырғанын алға тартсақ та жеткілікті», - дейді Н. Әбдіров.
Оның айтуынша, жергілікті полиция қызметіне баға беруге әлі де ертерек. Дегенмен, осындай статистиканың өзі жергілікті полиция қызметін енгізудің өзекті болғанын білдіреді.