«Елімізге 30 тәуліктен көп уақытқа келген шетелдіктерге уақытша тұруға рұқсат рәсімделеді. Жыл басынан бері мұндай 19 мыңнан астам рұқсат рәсімделді», - деді Арман Баймұхамбет.
Оның атап өтуінше, елімізге келген шетелдіктерді қабылдаушы тарап, яғни қонақ үйлер, жалға берілетін пәтерлер, оқу орындары, емделу мекемелері, жеке тұлғалар үш күннің ішінде өзге елдің азаматының келгені туралы көші-қон қызметіне хабар беруі тиіс. Бұл талап бұзылған жағдайда қабылдаушы тарап әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
«Егер шетелдік елге келу мерзімін 10 күннен астам уақытқа бұзса, онда әкімшілік хаттама 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл шешімімен сотқа жіберіледі немесе Қазақстан аумағынан шығарылады», - деп түсіндірді басқарма басшысы.