Жыл басынан Қазақстанда 18 есірткі ұясы жойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанда 18 есірткі ұясы жойылды, деп хабарлады ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің баспасөз қызметінен.

Ведомство ақпаратынша, көрсетілген мерзімде есірткіге қатысты 1894 қылмыс анықталды. Оның 1139-і есірткі сату бойынша. Заңсыз айналымнан 10,3 тонна түрлі есірткі заты тәркіленді. Оның ішінде 91,6 келі героин да бар. Заңсыз есірткі айналымы саласында 28 қылмыс жасаған 5 ұйымдасқан топ жойылды. Есірткі затынан түскен 16 миллион 750 мың теңге көлеміндегі табысты заңдастырудың 13 фактісі құжатқа түсірілді. Есірткі контрабандасының 61 фактісі анықталды. Нәтижесінде мемлекеттік шекарадан 31,8 кг героинды өткізудің жоолы кесілді.

Сондай-ақ, полиция есірткіге қатысты 5887 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтаған.