Брифинг қылмыстық қастандықтан бала құқығын қорғау шараларына арналған болатын.
Ішкі істер министрлігі өкілінің айтуынша, былтырғы жылдың өзінде Қазақстандағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына ата-ананың қадағалауынсыз қалған бес мыңнан астам кәмелетке толмаған бала орналастырылған.
«Ал қазіргі уақытта ішкі істер органдары 12 мыңға тарта жайсыз отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 17 мыңнан астам баламен жұмыс істейді. Жалпылама алсақ, жыл сайын республикамызда бала тәрбиесіне қатысты өз міндеттерін орындамаған төрт мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылады, ал 1 мыңға жуығы ата-ана құқығынан айырылады», деді ІІМ өкілі.