«Қазақстан Қарулы күштеріндегі жалпы орта білім беруді Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы «Жас ұлан» республикалық мектептері ұсынады. Мектептердің негізгі міндеті - сапалы жалпы орта білім берумен қатар оқушыларды кәсіптік бағдарланған бастауыш оқыту. Мектептерде оқу мерзімі 2 жыл. Мектепке 9 сыныпты бітірген және негізгі орта білім туралы куәлік алған, оқуға түсу жылына кемінде 15, бірақ 16 жастан аспаған ҚР азаматтары қабылданады. Жыл сайын «Жас ұлан» республикалық мектептерін шамамен 600 оқушы бітіреді», - деп мәлім етті департамент басшысы.
Жұмабек Ахметовтың дерегінше, биылдан бастап мерзімді әскери міндетін атқарған жастар Қорғаныс министрлігінің оқу орындарына емтихансыз қабылданатынын айтқан еді.