Белгілі болғандай, бүгінде Астанада 228 апаттық тұрғын үйлер бар екен және онда 3500-ге жуық отбасы тұрады.
«Маңызды жобалардың бірі - ол ескі және апаттық тұрғын үйлерді сүріп тастау бойынша қалалық жаңа бағдарлама болып табылады. Алғашқы нысандардың құрылысы басталды. Жылдың аяғына қарай бірінші кезеңде бұзылатын апатты үйлердің тұрғындарын көшіру басталады», - деді әкім.
Сонымен қатар И. Тасмағамбетов апаттық үйлерден көшірілген тұрғындарға бұзылған үйдегі шаршы метрге тең көлемде жаңа пәтер берілетінін, яғни пәтерде қанша адам тұрып жатқаны ескерілмейтінін атап өтті.