ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аудандық полиция бөліміне жүгінген азамат алаяқтың құрбаны болғанын жеткізді. 20 жылқы сатып алмақ болған ол бейтаныс біреуге 6 200 000 теңге берген.
«Жедел-іздестіру шараларын жүргізген тәртіп сақшылары 28 жастағы күдіктіні ұстады. Зайсан қаласының тұрғыны өз кінәсін мойындап отыр. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Күдікті жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.