Құтқарушылар Макбулені 6 күннен кейін үйінді астынан алып шықты.
Құшағында 4,5 айлық сәбиінің жансыз денесі бар еді. Қасында жатқан күйеуі жантәсілім еткен.
Сол аяғы кесіліп, 17 операцияны бастан өткерген әдебиет пәнінің мұғалімі Макбуле протез аяғымен жүруді үйреніп жүр.
Енді енді өз бетінше қадам баса бастады.
«147 сағат топырақ астында жаттым. Алғашқы үш тәуліктің алмасқанын телефондағы оятқыштың шырылдағанынан білдім. Күйеуім сол күндері таңертең ерте тұруым керек деп оятқышты бір уақытқа қойған еді. Одан кейінгі күндерде телефон шырылдамады, күн мен түнді ажырата алмадым. Әйтеуір қозғалмастан жаттым. Алты күн бойы 4,5 айлық сәбиім құшағымда болды. Бәрі-бәрі есімде. Шіркін, ештеңе есімде қалмағанда ғой деп күрсінем кейде. Өкінішке қарай, болған оқиғаның бәрі санамда сайрап тұр», - дейді Макбуле.
Ол құдайдың аман алып қалғаны бекер емес, оған бір себебі бар дейді.
«Ауруханадан шыққан соң өмірімді әрі қарай жалғаймын, жолдасым мен ұлым үшін де өмір сүремін. Олар әрқашан менімен бірге, жүрегімде болады. Қатты сағынып жүрмін отбасымды» дейді келіншек.