Зимбабве өлім жазасын алып тастады

Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM — Зимбабведе бұрын өлім жазасына кесілген 60 сотталушының жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды, деп жазады Анадолы.

Зимбабве үкіметі президент Эммерсон Мнангагва заңға қол қойғаннан кейін өлім жазасын алып тастағанын жариялады.

Биліктің мәліметінше, бұрын өлім жазасына кесілген 60 сотталушының жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған.

Зимбабведе соңғы рет өлім жазасына кесу 2005 жылы тіркелген.

Еске салсақ, осыған дейін Қытай банкінің бұрынғы төрағасы өлім жазасына кесілгенін хабарлаған едік.

Сондай-ақ, Вьетнамдағы ең бай әйелдердің бірі өлім жазасына кесілуі мүмкін екені айтылды.