«Zn (мырыш)» коллекциялық монеталары сатылымға шығарылды

Фото: Ұлттық банк

АСТАНА. KAZINFORM — «Zn (мырыш)» коллекциялық монеталары сатылымға шығарылды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстанның жер қойнауы» сериясынан «Zn (мырыш)» коллекциялық монеталары 20 қаңтарда Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы сатыла бастайды.

925 сынамалы күмістен соғылған монетаның мырыш қондырмасы бар.

Монетаның массасы 32,5 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – black-proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 2 000 (екі мың) дана.

Айта кетелік ақбөкен, арқар, сұңқар бейнеленген жаңа монеталар айналымға шығатыны туралы жазған едік.