Келушілер бірнеше торда өмір сүретін амур жолбарыстарына қарап тұрған сәт болатын. Ойын кезінде аналық жолбарыстардың бірі көрші торға өтті, сол сәтте бірнеше жолбарыс оған жабыла кетті және ойын соңы қанды жазаға ұласты, деп жазды nat-geo.ru.
Зообақ өкілдерінің болжамы бойынша, ойын кезінде аналық жолбарыстың жараланып қалуы мүмкін және қанның иісі өзге жыртқыштардың агрессиясын туғызған. Екі жыл бойы аналық жолбарыстың басқалармен бейбіт өмір сүргені, тіпті шабуылшылардың бірінен туғандығы да жыртқыштар үшін маңызды болмаған.