Қазақстанда америкалық GE компаниясының академиясы ашылады

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың GE Healthcare компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша президенті Роб Уолтонмен өткізген кездесуінің нәтижесі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ажар Ғиният
Фото: из открытых источников

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту, отандық өндірісті дамыту жөніндегі тапсырмасы бар. Сол тапсырма бойынша бүгін Америка жерінде америкалық GE Healthcare компаниясымен үлкен келісімге қол қойылды. GE Healthcare – дүниежүзінде медициналық аппараттар, құрал-жабдықтар шығаратын ең үздік жетекші компаниялардың бірі. 100 жылдық тәжірибесі бар, дүниежүзінің медициналық ұйымдарын аппараттармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Елімізде де медициналық мекемелерде қызметкерлер осы аппараттармен жұмыс істейді. Соңғы 10 жылдың ішінде 3 мыңға жуық аппараттар мен құрал-жадбықтар алынды», - деді Ажар Ғиният.

Оның дерегінше, елімізде осы өндірукшінің 80-ге жуық әртүрі құрал-жабдықтары мен аппараттары тіркелген. Ал қол қойылған келісімге сәйкес, елімізде ултрадыбыстық аппараттар, компьютерлік томограф аппараттары шығарылатын болады. Сол медициналық аппараттарды жөндейтін сервистік қызмет орталығы ашылады.

«Мұнан бөлек GE академиясы ашылып, медициналық қызметкерлер, биоинженерлер дайындалады. Еліміздің кадрлық әлеуеті артады. Сонымен қатар GE компаниясымен бірге медицина саласындағы әртүрлі диагностикалық аппараттардың барлық суреті жиналып, үлкен ұлттық архив жасалады. Денсаулық сақтау саласында диагностикалауды жақсартатын үлкен жоба қарастырып жатырмыз. Бұл келісімнің нәтижесінде елімізге келетін инвеситция сомасы 60 млн доллардан асады»,- деді Денсаулық сақтау министр.

Соңғы жаңалықтар