Қазақстанда iPhone15 қанша тұрады
15 қыркүйекте Apple компаниясы iPhone15 маркалы ұялы телефонын таныстырды. Қазір сатылым басталған. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі елімізде iPhone15-тің қанша теңге тұратынына шолу жасаған еді.

iPhone15 C сары, жасыл, көк, қара және қызғылт түсі бар.
6,7 дюймдік iPhone 15 Plus;
iPhone 15 Pro титан корпусында, Action түймесі және революциялық A17 Pro процессоры бар;
iPhone 15 Pro Max (Ultra) 5 есе оптикалық масштабтауға арналған телефото объективпен.
Барлық модельдің USB-C қосқышы бар және керемет мүмкіндіктерге ие.
Әзірге Apple компаниясының Қазақстандағы Apple Premium Partner мәртебесі бар ресми серіктесі брендтің жаңа маркаларының сатылымын бастаған жоқ. Дегенмен интернет-дүкендерде жаңа iPhone 15 бағасы белгілі болды.
Мәселен, iPhone 15 Pro 1 Tb құны – 1 млн 480 мың теңге;
iPhone 15 Pro 256 Gb бағасы – 1 млн 390 мың теңге;
iPhone 15 Pro Max512 Gb 1 млн 470 мың теңге тұрады;
Кейбір онлайн дүкендерде жаңа iPhone15-тің санаулы түрі ғана бар. Сонымен, iPhone 15 Pro 256 GB 999 900 теңгеге сатып алуға болады.
Тағы бір интернет дүкенде iPhone15 сатылымға шықпаған, бірақ алдын ала бағасы көрсетілген.
Apple iPhone 15 Pro смартфоны 8/128 ГБ, қою түстісі 792 018 теңге;
Apple iPhone 15 6/128 ГБ көгілдір түсті 628 141 теңге;
Apple iPhone 15 смартфоны 128 ГБ, қызғылт түстісі 540 794 теңге;
Apple iPhone 15 128 ГБ – 677 358 теңге;
Apple iPhone 15 Plus 128 ГБ, қызғылт түстісі 546 256 теңге;
Apple iPhone 15 plus 6/128 ГБ жасыл түстісін 1 млн 638 769 теңгеге сатып алуға болады.