Павлодарда сауда үйлеріне адамның бет-әлпетін танитын бейнекамералар орнатылды

Павлодардағы сауда үйлеріне адамның бет-әлпетін тану функциясы бар бейнекамералар орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
камера
Фото: виедодан алынған кадр

«Атриум сауда үйі, SМАLL және GRENWICH сауда нүктелері желісімен іс-қимыл барысында тұлғаны тану жүйелерін неғұрлым тиімді пайдалану туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Бұл жүйелер іздеуде жүрген қылмыскерлерді, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды, алиментті қасақана төлемейтіндерді және басқа да күдікті адамдарды тануға мүмкіндік береді», — деді Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр.

Айта кету керек, қоғамдық орындардағы ұрлықтың алдын алу мақсатында «Полицияның қазақстандық сервистік моделі» пилоттық жобасы аясында Павлодар қаласы мен облыс аумағында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта бизнес өкілдерімен тұрақты негізде жұмыс жүргізіліп жатыр. Бизнес саласының өкілдерімен, ірі сауда үйлерінің, дүкендер мен ойын-сауық мекемелерінің қауіпсіздік қызметтері мен күзет құрылымдарымен тығыз ынтымақтастық орнатылды. Қоғамдық орындарда полицейлер ұрлық жасауға бейім адамдардың фотосуреттері бар тізімдерді тұрақты негізде орналастырады. Қоғамдық орындарда және адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде дыбысты хабарландыру жасалады.

Соңғы жаңалықтар