22:55, 21 Қыркүйек 2023 | GMT +5
Елдер арасындағы дау: Үндістан Канада азаматтарына виза беруді тоқтатты
Үндістан Канада азаматтарына виза беруді белгісіз мерзімге тоқтатты. Мұндай шешім Канадада «Халистанды босату күштері» (KLF) сикх сепаратистік ұйымының жетекшісі Хардип Сингх Ниджар өлтірілгеннен кейін екі ел қарым-қатынасының нашарлауына байланысты қабылданды. ҚазАқпарат бұл туралы Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Канаданың виза орталықтарын басқаратын BLS International Services компаниясының сайтында аталған шешім туралы жазылған. Хабарламаға сәйкес, виза беру 2023 жылдың 21 қыркүйегінен бастап «келесі бұйрық түскенше» тоқтатылады.
Үндістан билігінің өкілі жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында бұл ақпаратты растады. Алайда Нью-Дели бұл қадамға қатысты пікір білдірмеді.