Қарабақтағы әскери әрекеттерді тоқтату туралы келісім жасалды

Қарабақта орналасқан Ресей бітімгершілік күштері қолбасшылығының арағайындығымен 20 қыркүйек сағат 13:00-ден бастап әскери қимылдарды толық тоқтату туралы келісімге қол жеткізілді. ҚазАқпарат бұл туралы «Арменпресс» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

қарабақ
Фото: armenpress.am

Басылымның жазуынша, Арцах президентінің аппараты осы мәселе бойынша мәлімдеме таратып, 21 қыркүйек күні Евлахта Қарабақ пен Әзербайжан билігі өкілдерінің кездесуі жоспарланғанын хабарлады.

Еске салайық, Әзербайжан құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, Қарабақтағы шиеленіс Ходжавенд ауданының Тагаверд ауылының аумағында болған кісі өлімінен кейін басталды – Әзербайжанның мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері танкке қарсы миналарға түсіп қалып, қаза тапты. Содан кейін Әзербайжан Республикасының Қарулы күштері терроризмге қарсы жергілікті сипаттағы іс-шаралар басталғанын жариялады.

Кеше Ереван полициясы Армения үкіметі ғимаратының алдына жиналған наразылық білдірушілерді тарату үшін арнайы құралдарды қолданды.

Рим Папасы Қарабақтағы жанжалды бейбіт жолмен шешуге шақырды. 

Соңғы жаңалықтар