Үлескерлерден қаржы тартуға құқығы бар құрылыс компанияларының тізімі шықты

Елорда прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп үлестік құрылыс саласында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құрылыс
Фото: https://www.gov.kz/

"2019 жылдан бері проблемалы жылжымайтын мүлік саны 150-ден 32-ге, ал алданған үлескерлер 16 мыңнан 4 мыңға дейін қысқарды.

Осы кезеңде прокуратура 4 993 үлескердің мүддесіне 48,5 млрд теңгеге 125 талап-арыз жолдады.

Жосықсыз құрылыс салушыларға қарсы профилактикалық шаралар қабылдануда.

Уәкілетті органмен 2019-2023 жылдары үлескерлерден ақша тартуға құқығы жоқ 149 компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп жазды астаналық прокуратурадан.

Ведомство өткен кезеңде 4 құрылысшы сотталғанын да мәлімдеді. Бүгінде полицейлер 10 тұрғын үй кешенін салушы компания басшыларына қатысты 7 қылмыстық істі тергеп жатыр.

"5 адам қамауға алынды. Аталған тұлғалардың әрекетінен 426 азамат зардап шеккен.

Елорда қонақтары мен тұрғындарына құрылыс салушыны таңдауда абай болу керектігін ескертеміз. Азаматтардың қаражатын тартуға құқығы бар құрылыс салушылардың тізімі www.egov.kz сайтында көрсетілген", - делінген Астана қаласы прокуратурасы хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар